11:34, 13 Мамыр 2012 | GMT +5
Елордада 9 қабатты тұрғын үйден өрт шығып, 10 адам қауіпсіз жерге көшірілді
АСТАНА. 13 мамыр. ҚазАқпарат Кеше таңертең елордада, Тәшенов көшесі бойында орналасқан 9 қабатты тұрғын үйден өрт шықты.

ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, тілсіз жау кеңсе ретінде жасақталған бірінші қабаттағы пәтерден шыққан. Өрт орнынан иіс тиіп уланған үш әйел ауруханаға жеткізілді. Сонымен қатар он адам қауіпсіз жерге көшірілді.
Қызыл жалынды сөндіруге ҚР ТЖМ Астана қалалық төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру қызметінің жеке құрамындағы 50 маман мен 3 техника жұмылдырылды.