Елордада Абайдың туғанына 165 жыл толуына арналған ақын шығармашылығының дәстүрлі кеші өтті

СТАНА. Тамыздың 23-і. ҚазАқпарат /Еркегүл Қайратқызы/ - Бүгін Астанада қалалық тілдерді дамыту басқармасы мен мәдениет басқарысы бірлесіп, Абайдың туғанына 165 жыл толуына орай ақын шығармашылығының дәстүрлі кешін өткізді,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Астанада жыл сайын Абай ескеріткішінің алдында Қазақстан халқы тілдері фестивалі аясында өтетін маңызды іс-шараларың бірі осы - қазақтың ұлы ақыны Абайға тағзым, әрі ұрпаққа тағылым ретінде атап өту дәстүрі бар.

Абай Құнанбаевтың туғанына 165 жыл толуына орай ұйымдастырылған шарада қала тұрғындарын Астана тілдерді дамыту басқармасының бастығы Оразгүл Асанқазы құттықтап, 12-ші Қазақстан халқы тілдері фестивалінің аталған Абай оқуларымен басталғанын жария етті.

«Абай оқуларына Астана қаласының балабақшасында тәрбиеленіп жатқан жас жеткіншектерден бастап, үлкен зейнеткерлерге дейін «мен Абайдың өлеңін оқысам», «мен оның әнін салсам», «мен Абайдың қара сөзін оқысам» деген үлкен тілектер білдірген болатын», деді ол.

Абай оқырмандарына арналған кештің басты қонағы - сахна саңлағы, мәдениет қайраткері Болат Әбілманов болды. Ол Абайдың бейнесін ерекше сомдап, жұрттың алдында әртіс емес, ұлы ақын Абай тұрғандай елестетіп жіберді. Кеште 6 жасар сәбиден бастап, 60-тан асқан қарияға дейін, мемлекеттік қызметкерлер мен қаламыздағы түрлі саланың мамандары, қала тұрғындары Абай өлеңдерін жарыса оқыды. Сонымен қатар, Астана қаласы Мемлекеттік филармониясының әншілері Гүлмира Бөкейханқызы, Перизат Тұрарқызы, К.Байсейітова атындағы опера және балет театрының әншісі Жанат Шыбықбаевтың орындауында Абай әндері шырқалды.

Мерейтойға байланысты елорданың С.Сейфуллин атындағы мұражай басшылығы ұлы ақынға арнап, «Абайдың мұрасы - қазақтың ең қасиетті қазынасы» атты орталықтандырылған кітапханалар жүйесін жасап отыр.

Соңғы жаңалықтар