02:11, 06 Мамыр 2013 | GMT +5
Елордада «Адал бәсекелестік призмасы арқылы экономиканы дамыту және қайта құру» тақырыбында дөңгелек үстел өтеді
АСТАНА. 6 мамыр. ҚазАқпарат - 24 мамырда Тәуелсіздік сарайында VI Астана экономикалық форумы шеңберінде «Адал бәсекелестік призмасы арқылы экономиканы дамыту және қайта құру» атты дөңгелек үстел өтеді.

Бұл туралы ҚР Бәсекелестікті қорғау агенттігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Дөңгелек үстел алдында аталған тақырыпқа орай баспасөз мәслихаты ұйымдастырылады. Оған бәсекелестік саясат саласындағы жетекші сарапшылар: Еуразиялық экономикалық комиссияның Бәсекелестік және монополияға қарсы реттеу министрі Н. Алдабергенов, Федералдық монополияға қарсы қызметтің басшысы И. Артемьев, Агенттік төрағасы Б. Қуандықов шақырылып отыр.
Баспасөз мәслихатында Кеден одағы елдерінде бәсекелестік қатынастарды дамытудың көкейкесті мәселелері және монополияға қарсы саясатты одан әрі дамыту бойынша ықтимал ұстанымдар талқыланбақ.