Елордада адамның мүрдесі табылды

АСТАНА. KAZINFORM - Астаналық полицейлер адамның өлі денесін тапты.

Петропавлда мерекелік демалыс күндері полицияға 1 800-ден астам қоңырау түсті
Фото: polisia.kz

Қалалық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, қазір істің мән-жайы анықталып жатыр. 

- Адамның денесін табу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды, - делінген ресми хабарламада. 

Желіде тараған ақпаратқа сүйенсек, елордалық Манхэттен -3 тұрғын үй кешенінен құлаған.

Еске сала кетсек, былтыр күзде елордада жасөспірімнің мүрдесі табылған еді. Кейін белгілі болғандай, жасөспірім мектеп оқушысы болып шықты.

Соңғы жаңалықтар