Елордада аграрлық журналистика негіздері бойынша Қазақстандағы тұңғыш тренинг өтуде

АСТАНА. 3 тамыз. ҚазАқпарат - Елордада аграрлық журналистика негіздері бойынша Қазақстандағы  тұңғыш тренинг өтуде.
None
None

 Семинарға ауыл шаруашылығы саласында ақпарат жазып жүрген 30-ға жуық журналист қатысуда.

Ауыл шаруашылығы министрлігі барынша мөлдір әрі ашық болуға тырысатындығын баса айтқан аталған ведомствоның вице-министрі Мүслім Өмірәлиев: «Ең алдымен үкіметтік деңгейде ұсыныс жасағаннан гөрі біз өзіміздің бастамаларымыздың барынша баспасөзде жарық көргендігін қалаймыз. Сонымен қатар біз әзірлеген құжаттармен, бағдарламалармен және бастамалармен жұмыс істейтін адамдар, агроөнеркәсіп секторы кәсіпорындары, мамандар тарапынан кері реакция алғымыз келеді», - деді.

 Шара барысында ауыл шаруашылығындағы технологиялық инновациялар, ауа райы факторлары мәселелері егжей-тегжейлі талқыланбақ. Сондай-ақ аграрлық экономика, жаһандық биржадағы астық бағасы, мемлекет тарапынан ауыл шаруашылығын субсидиялау тақырыптары қозғалады.

Соңғы жаңалықтар