Елордада ағымдағы жылы 6 366 пәтер пайдалануға берілді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада жаңа тұрғын үйлер мен кешендер салынып жатыр. Ескі тұрғын үй қорының орнына бірте-бірте жаңа құрылыстар бой көтеруде, онда қала тұрғындарының сапалы өмір сүруіне қолайлы жағдайлар жасалады.

Елордада ағымдағы жылы 6 366 пәтер пайдалануға берілді

Астана қаласы Статистика департаментінің хабарлауынша, үстіміздегі жылдың қаңтар айынан қазан айына дейін елордада барлық қаржыландыру көздерінің есебінен 6 366 пәтерлік тұрғын үйлер пайдалануға берілді. Тапсырылған үйлердің жалпы ауданы - 789,047 шаршы метр.

Бұл өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда 4,4% артық. Соның ішінде жеке үй салушылар салған үйлердің жалпы ауданы - 50 609 шаршы метр. Биыл жеке тұрғын үй құрылысының жалпы тапсырылған үйлердегі үлесі 6,4% құрады, деп хабарлайды astana.k.