13:01, 08 Ақпан 2011 | GMT +5
Елордада Ақ Азиаданың өтуі барысында елеулі қылмыстық оқиғалар орын алған жоқ - ІІД
АНА. 8 ақпан. ҚазАқпарат /Жасұлан Аманбайұлы/ - Ақ Азиаданың өтуі барысында елордада елеулі қылмыстық оқиғалар орын алған жоқ.
Бұл туралы бүгін Астана қаласының ІІД-де 7-Қысқы Азия ойындарының қауіпсіздігін қамтамасыз етудің қорытындыларын шығаруға арналған баспасөз мәслихатында Қоғамдық қауіпсіздік басқармасы бастығының орынбасары Бақытбек Демежанов мәлім етті.
«Азиада шарасын өткізу барысында Ойындардың өткізілген объектілерінде және шетелдік қонақтар мен спортшыларды орналастыруда құқық бұзушылқтар тіркелген жоқ», - деді ол.
Осы аралықта елорданың қоғамдық қауіпсіздігін сақтауға бірнеше мың полицей жұмылдырылды. Астанаға Солтүстік Қазақстан, Қарағанды, Қостанай мен Павлодар облыстарының ІІД-нің қызметкерлері де тартылған болатын.
Астанаға Қысқы Азия ойындарына 27 елден 5 мыңнан астам қатысушы келді. Олар 45 қонақүйге жайғастырылды.