Елордада ақпараттық коммуникациялық технологиялардағы қазақстандық қамтуды арттыру мәселелеріне арналған жиын өтті

АСТАНА. 29 шілде. ҚазАқпарат - Бүгін елордада ақпараттық коммуникациялық технологиялардағы қазақстандық қамтуды арттыру мәселелеріне арналған дөңгелек үстел өтті.

Елордада ақпараттық коммуникациялық технологиялардағы қазақстандық қамтуды арттыру мәселелеріне арналған жиын өтті

Жиынға қатысушылар отандық ІТ-компанияларды қолдау, импорт алмасу аясында отандық ақпараттық өнімдерге кепілдендірілген тапсырысты қалыптастыру мәселелері кеңінен тақыланды.

Ұйымдастырушылардың атап өтуінше, алқалы жиын АКТ-қоғамдастықты қолдау бойынша өзекті және маңызды мәселелерді талқылау мақсатында, сонымен қатар қазақстандық қамту көлемін арттыру және дамытуда нақты ұсыныстар әзірлеу үшін өткізіліп отыр.