Елордада ақын әрі жазушы Зинаида Чумакованың шығармашылық кеші өтті

деп хабарлайды қазАқпарат.
Ұлты шешен ақынның есімі Қазақстанға ғана емес, сонымен қатар Ресей, Шешенстан, Ингушетия мемлекеттеріне де кеңінен танымал.
«Қазір мен өзімнің жаңа кітабіммен жұмыс істеп жатырмын. Әзірше шартты түрде «Қазақстан және қазақстандықтар» деп атап отырмын. Осы кітабымда Қазақстанның мәдени мұрасы, қазақтардың және қазақстандықтардың салт-дәстүрі туралы материалдармен қатар еліміздің ұлы тұлғалары жайында да ақпараттар ұсынылатын болады», дейді З.Чумакова.
Қаламгердің бұған дейін жарық көрген шығармаларының арасындағы шоқтығы биігі Шешенстандағы соғыс жайында сыр шертетін - «Иволга» повесі. Ол осы елде қақтығыстар белең алып тұрған тұста үш мәрте болған болатын. Оның айтуынша, шығармасында ол екі тілде, яғни орыс пен шешен әйелдерінің тілдерінде, осы трагедияны ашып көрсетуге тырысқан.
Зинаида Чумакова Жезқазған қаласында тұрып, жұмыс істейді. Оның 7 өлеңдер мен прозалар жинағы жарық көрген. Өз талантын мойындата білген жазушы Константин Симонов атындағы халықаралық әдебиет сыйлығымен, А.П.Чехов атындағы естелік медальмен, Гавриил Державин атындағы әдеби сыйлықпен, «ҚР Мәдениет қайраткері» белгісімен, «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» атағымен марапатталған. Өлеңдері қазақ, шешен, поляк, украин, чех, беларус тілдеріне аударылған.