Елордада ақын Сара көшесі бір ай бойы ішінара жабылады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Елордада ақын Сара көшесі бір ай бойы ішінара жабылады, деп хабарлайды әкімдіктің сайты .
None
None

«Астана қаласының Автомобиль жолдары басқармасы» ММ «Астана қаласының тұрғын алаптарындағы жолдар мен инженерлік желілерді салу, қайта жаңарту. Комсомольский тұрғын алабы, 2-кезек» жобасын іске асыру шеңберінде қаланың учаскелерінің бірінде жөндеу жұмыстарын бастауды жоспарлауда. 

Айғаным көшесінен бастап Аягөз көшесіне дейінгі учаскедегі Ақын Сара көшесі бойынша жөндеу жұмыстарына байланысты 30 тамыздан 30 қыркүйекке  дейін аталған учаскеде көлік қозғалысына шектеу қойылады.

Соңғы жаңалықтар