Елордада алдағы демалыста күн бұлтты болады

АСТАНА. 15 наурыз. ҚазАқпарат - Демалыс күндері Астанада күн-райы қатты өзгермейді. Сенбі және жексенбінің түндері айтарлықтай аязды болады, алайда күндіз аздап жылытады. Бұл туралы astana.kz сайтына «Қазгидромет» РМК хабарлады.
None
None

Синоптиктердің болжамынша, бүгін күндіз Астанада көшпелі бұлт шығады, аздап жаңбыр жауады, жолдарда мұз қатады. Солтүстік-шығыстан жылдамдығы секундына 5-10 метр жел соғады. Жел екпіні кейде секундына 15 метрге дейін жетеді. Ауа температурасы -2-4°C суық болады.

Сенбі күні елордада күн бұлтты, алайда жаңбыр жаумайды. Солтүстік-шығыстан жылдамдығы секундына 5-10 метр жел соғады. Сынап бағанасы түнде -7-9°C дейін төмендейді, күндіз -2-0°C суық.

Синоптиктердің болжамынша, жексенбі күні көшпелі бұлт шығады, жаңбыр жаумайды. Шығыстан жылдамдығы секундына 5-10 метр жел соғады. Ауа температурасы түнде -7-9°C суық, күндіз +1+3°C жылы болады.

Соңғы жаңалықтар