Елордада алданған үлескерлер сот арқылы ақшаларын қайтарып алды

АСТАНА. ҚазАқпарат - 100-ден астам отбасы жауапсыз құрылыс салушылардан тұрғын үй кешенінің құрылысына салынған қаржыны сот арқылы қайтарып алды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі Астана қалалық прокуратурасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Елордада алданған үлескерлер сот арқылы ақшаларын қайтарып алды

«7 маусым күні елорданың экономикалық соты алданған 100-ден астам отбасының мүддесін қорғаған қала прокурорының екі талабын қанағаттандырды», - делінген хабарламада.

Осылайша, сот «Капитал строй сервис» ЖШС жауапсыз құрылыс салушыдан «Адам строй сервис» тұрғын үй-құрылыс кооперативінің мүддесіне 300 млн теңге көлемінде ақша өндіріп, құрылысы аяқталмаған «Гранитный 2» тұрғын үй кешені мен жер учаскесін беруге міндеттеді. 

Сондай-ақ, «Хазірет Астана»  ТҚК-ның талабы қанағаттандырылып, оның мүддесіне «Шейхказинвест» ЖШС-дан 325 млн теңге сомасындағы қаржы өндірілді.