17:20, 25 Тамыз 2014 | GMT +5
Елордада «Әлем дәрігерлері ядролық соғысты болдырмау үшін» конференциясы өтіп жатыр
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада «Әлем дәрігерлері ядролық соғысты болдырмау үшін» екікүндік студенттік конференция өтіп жатыр, деп хабарлады astana.kz.

Оған әлемнің 9 мемлекетінің медициналық ЖОО дәрігерлері мен студенттері қатысуда. Еске салайық, 14 тамызда қатысушылар велосипедпен Семейден Астанаға жол тартқан болатын. Олар жол бойында қалалар мен ауылдық елді-мекендерге тоқтады.
Қатысушылар 27-28 тамызда ХХІ Дүниежүзілік конгрестің жұмысына қатысады, делінген хабарламада. ХІ Бүкіләлемдік «Әлем дәрігерлері ядролық соғысты болдырмау үшін» конгресіне 50 елден делегаттар қатысады. 29 тамыз - Семей ядролық полигонының жабылған күні. Бұл - Қазақстан үшін маңызды оқиға. 23 жыл бұрын полигонда барлық сынақтар тоқтатылды. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев пен барша Қазақстан халқының ядролық қаруды жою ниеті жүзеге асты.