Елордада әлемдік фитнес индустриясы жұлдыздарының қатысуымен денешынықтыру фестивалі өтеді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Елордада әлемдік фитнес индустриясы жұлдыздарының қатысуымен денешынықтыру фестивалі өтеді. Бұл туралы бүгін «World Class» фитнес клубы желілерінің маркетинг жөніндегі директоры Раушан Бүркітбаева ҚР Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі мен клуб арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылғаннан кейін мәлім етті.

Елордада әлемдік фитнес индустриясы жұлдыздарының қатысуымен денешынықтыру фестивалі өтеді

Клуб денешынықтыру және фитнес фестивалін өткізуді жоспарлап отырғанын айтқан Р.Бүркітбаева: «Бұл фестиваль 23-25 қазан күндері республикалық велотректе өтеді. Ол қатысушылардың кәсібилігін арттыруға және дүниетанымын кеңейтуге бағытталған кәсіби шара болмақ. Біз барлық денешынықтыру пәні мұғалімдерін, барлық жаттықтырушыларды және фитнес нұсқаушыларды шақырамыз. Бұл үздік нұсқаушылардан үйренуге зор мүмкіндік береді. Өйткені, біз бұл шараға шетелден фитнес индустрияның әлемдік жұлдыздарын шақырып отырмыз», - деді.