Елордада әлеуметтік қызмет көрсету орталығына бөлінген 200 млн теңге жымқырылған
«Бүгінгі отырысқа дайындық кезінде біз мемлекеттік органдардың басшыларымен сөйлестік. Олардың өздері «Қолжетімді орта» жол картасының қызметтері қаланың бүкіл аймақтарында кеңінен таралмағанын мойындап отыр. Бір ғана «Нұрлы жүрек» орталығында 200 млн теңгеден астам қаражат жымқырылған. Бүкіл дерлік орындарда тәрбиеленушілерге қолдау көрсету жоспарын формалды іске асыру кездеседі», - деді ол.
Айтуынша, кейбір орталықтарда санитарлық қауіпсіздік талаптары өрескел бұзылған.
«Жоғарыда аталған заңсыздықтарға лауазымды тұлғалардың өзінің функционалдық міндеттеріне немқұрайды қарауы себепкер болып отыр деуге негіз бар. Тиісті бақылау болмағандықтан, Қазақстан заңнамасын дұрыс білмегендіктен заңсыздықтарға жол беріліп о т ыр», - деді мәслихат депутаты.