Елордада әлеуметтік ортада көшбасшылық қасиеттің қалыптасу жағдайы жөнінде семинар өтуде

АСТАНА. Маусымның 22-сі. ҚазАқпарат /Құралай Орынбекқызы/ - Бүгін ҚР Тұңғыш Президенті мұражайында (ТПМ) «Отбасында, мектепте және басқа әлеуметтік институттарда көшбасшылық қасиеттің қалыптасу жағдайы» тақырыбында ғылыми-тәжірибелік семинар өтуде,

Елордада әлеуметтік ортада көшбасшылық қасиеттің қалыптасу жағдайы жөнінде семинар өтуде

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Аталмыш іс-шараға философия, тарих, саясаттану, әлеуметтану, педагогика салаларының ғалымдары, ҚР Білім және ғылым министрлігінің, Астана қаласы Ішкі саясат және білім беру басқарамасының өкілдері, ТПМ жанындағы Ұстаздар кеңесінің мүшелері қатысуда. Семинар барысында отандық ғылымда отбасында, мектепте және басқа әлеуметтік институттарда көшбасшылық қасиетін қалыптастыру тәжірибесі талқыланып, тәрбиелеу әлеуетін зерттеумен байланысты міндеттер анықталды.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, аталмыш ғылыми-тәжірибелік семинар ҚР ТПМ мен елордалық білім беру мекемелерінің және ғылыми ұйымдарының арасындағы ынтымақтастықтың одан әрі дамуына септігін тигізбек.