Елордада алғаш рет құрылысы бітпеген нысандардың жәрмеңкесі өтеді

АСТАНА. ҚазАқпарат - 19 сәуірде  елорда әкімдігі қалалық прокуратурамен бірлесіп құрылысы бітпеген нысандардың инвесторларға бағытталған жәрмеңкесін өткізеді, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты .

Елордада алғаш рет құрылысы бітпеген нысандардың жәрмеңкесі өтеді

Шараның мақсаты - Астана қаласында құрылысы тоқтап қалған проблемалық нысандарды салып бітіру.

Жәрмеңкеде ұсынылатын нысандарға сегіз тұрғын үй кешені жатады:

1.  «Араби-2» ТК - Ж. Тархан және А. Жұбанов көшелерінің қиылысы;

2.  «Скай сити» ТК, Комсомольский тұрғын алабы;

3.  Қорғалжын тас жолы ауданындағы «Алға Самал» ТК;

4.  «Байтау» ТК ( «Black gold development» ЖШС)- Мәнгілік Ел даңғылы;

5.  Сарыарқа және Абай даңғылдарының қиылысында орналасқан «Столичный-2» ТК;

6.  Қорғалжын тас жолы ауданындағы «Үміт береке» ТК;

7.  Қосшы кентінде (Ақмола облысының Целиноград ауданы) орналасқан «Альбаракат» компаниясының «Жайлау Сити» ТК;

8.  «Табысқұрылтай» ТК (Қосшы кенті, Ақмола облысының Целиноград ауданы);

Жәрмеңкеге «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасының өкілдері, ҚР ИДМ Инвестициялар жөніндегі комитетінің, еліміздің бизнес қауымдастығының өкілдері, құрылыс ұйымдары қатысады деп күтілуде.

Жәрмеңкеге даму келешегі зор құрылыс нысандарына қаржы құюға ниетті әлеуетті инвесторлар шақырылады. Әлеуетті сатып алушылар үшін төлқұжаттары бар нысандармен танысуға арналған материалдар дайындалды.

Жәрмеңке Ә. Мәмбетов к-сі, 22 (бұрынғы Ә. Бөкейхан к-сі) мекенжайы бойынша (бұрынғы «Конгресс-холлдың» жанында)орналасқан «Астана Бас жоспары» ғылыми-зерттеу жобалық институты» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің әкімшілік ғимаратында өтеді.

Қызықтырған сұрақтар бойынша 55-64-71, 55-64-73, 70-27-66, 71-24-36 телефондары арқылы байланысып, ақпарат алуға болады.