Елордада Алматы аудандық мемлекеттік кіріс басқармасы кәсіпкерге 11,7 млн. теңге төлеуіне тура келді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астана қаласы Алматы ауданының мемлекеттік кіріс басқармасынан «Астана Быт Сервис - ЛТД» ЖШС-тің пайдасына 11 763 228 теңге көлемінде берешек өндіріп алу туралы сот актісі 1,5 жыл бойына орындалмай келді.

Елордада Алматы аудандық мемлекеттік кіріс басқармасы кәсіпкерге 11,7 млн. теңге төлеуіне тура келді

ЖШС-тің шағымы қаралып, атқарушылық іс жүргізу материалдары зерделенгеннен кейін Астана қаласының Әділет департаментіне заң бұзушылықты жою туралы ұсыныс енгізілді, деп хабарлады елорда прокуратурасының баспасөз қызметі.

Ықпал ету актісін орындау аясында борышкер ЖШС-тің шотына 11 763 228 теңге аударды.