Елордада алты көше жол қорғаушы ерітіндімен өңделеді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Елордада Тұран даңғылы мен Орынбор, Достық, Қонаев көшелеріне Rejuvaseal жол қорғаушы қабат төселді, бұл - жол жабынын ұзақ уақытқа сақтауды қамтамасыз ететін эмульсиялық-минералды қоспа, деп жазады қаланың ресми сайты.
None
None

Қарамай, хош иісті майлар мен арнайы ерітінділерден жасалған эмульсия асфальтбетон жабынын қалпына келтіреді, герметизациялайды және қорғайды. Аталған өнім асфальтбетон жабынының тозу процесін баяулатып, жаңартады, қолдану мерзімін ұзартады.

Қоспа жол жабынына сіңеді және ескі асфальт жабынында анықталған химиялық заттар теңгерімсіздігін қалпына келтіреді. Бұл процесс тұтқырлық пен морттығын айтарлықтай төмендетеді, сонымен қатар, асфальттың созылғыштығы мен иілгіштігін арттырып, жарылуына, қабыршақтануына жол бермейді.

Қазіргі кезде:

- Тұран даңғылының Керей Жәнібек көшесінен Сарыарқа көпіріне дейінгі;

- Ақмешіт к-сінің Сарайшық к-сінен Қонаев к-сіне дейінгі;

- Ақмешіт к-сінің Достық к-сінен Сығанақ- к-сіне дейінгі;

- Достық к-сінің Тұран даңғылынан Орынбор к-сіне дейінгі;

- Қонаев к-сінің Қабанбай батыр даңғылынан Орынбор к-сіне дейінгі;

- Орынбор к-сінің Достық к-сінен М2 көпіріне дейінгі жол жабыны өңделді.

Алдағы уақытта төмендегі көшелердегі жол жабынын өңдеу жоспарланған:

- Орынбор к-сі, Керей және Жәнібек хандар к-сі;

- Пушкин к-сі;

- Абай даңғылы Сарыарқа даңғылынан Республика даңғылына дейін;

- Тұран даңғылы Қабанбай батыр даңғылынан № 31 көшеге дейін.

- Ақжол к-сі № 1 жол құбырынан № 2 жол құбырына дейін.

Соңғы жаңалықтар