Елордада алып күш иелерінің турнирі өтеді

АСТАНА. ҚазАқпарат – Астана қаласының әкімдігінің ұйымдастыруымен Елорданың 25 жылдығына орай қалалық «Толағай» алыптар сайысы ашық турнирі өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Елордада алып күш иелерінің турнирі өтеді
Фото: gov.kz

«Ұлы Даланың батырларын насихаттау, қазақтың этно-ойындарын дәріптеу мақсатында өтетін турнирге білегі тоқпақтай, жауырыны қақпақтай 18 жастан асқан кез келген қала тұрғыны мен қонағы қатыса алады», - делінген мәліметте.

Турнирдің өтетін уақыты мен орны: 6 шілде, сағат 16:00-де, Орталық саябақтың автотұрағында (Тұран даңғылы бойында)

Қосымша ақпарат бойынша: +7707 977 99 70; +7 701 255 19 65 нөмірлеріне хабарласуға болады.