Елордада «Аналар аманаты» қолөнер шығармашылығы орталығы ашылды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Орталық әйелдер қолөнер кәсібін дамыту және көпбалалы аналарды қолдау мақсатында ашылып отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қаладағы Достық үйінде ашылған шығармашылық орталықтың мақсаты - көнеден келе жатқан халық мәдениеті мен дәстүрінің құндылықтары, патриоттық тәрбие және бизнестің әлеуметтік жауапкершілігін жаңғырту мен насихаттау.

Салтанатты тұсаукесер рәсіміне мемлекет қайраткері Мырзатай Жолдасбеков пен Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Бақыт Сұлтанов қатысты.

«Бүгінгі іс-шараның орны ерекше, өйткені Достық үйінде халқымыздың қастерлі мұрасын одан әрі жалғастыратын қолөнер шығармашылығы орталығы ашылып отыр. Бұл - Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласында айтылған идеяларын орындаудағы басты бастамалардың бірі. Елбасы «Nur Otan» партиясының съезінде көпбалалы, аз қамтылған отбасыларға ерекше мән беру керектігін баса айтты. Осы тұрғыда орталықтың шеберлік сыныбында көпбалалы аналарға қолөнер саласы бойынша тегін дәріс берілетін болады», - деді қала әкімі Б. Сұлтанов.

Қолөнер шығармашылығы орталығының ашылу салтанатына орай тегін өткізіліп жатқан шеберлік сыныптарына 50-ден астам әйел қатысты. Оқу барысында 5 көпбалалы анаға тегін тігін машинасы берілді.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, орталықтың ашылуы халқымыздың мәдени дәстүрі мен қолөнерін жаңғыртуға, этностардың ежелгі, жойылып бара жатқан қолөнерін, онымен байланысты өндіріс аспаптары мен көркемөнер бұйымдарын жинау бойынша мұражай қорын құруға, сонымен қатар оқыту шеберханалары негізінде әлеуметтік кәсіпкерліктің дамуына және жұмыссыз, көпбалалы әйелдерді қосымша жұмыспен қамтуға мүмкіндік береді.

Сондай-ақ, айтулы шараға ҚР Парламентінің депутаттары, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері, қоғам қайраткерлері, шығармашылық және зиялы қауым, «Жаңғыру жолы» республикалық жастар қозғалысының белсенділері қатысты.

null

Соңғы жаңалықтар