Елордада «Аналар аманаты» көрмесі ашылады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 29 наурызда сағат 10.00-де Нұр-Сұлтан қаласының Достық үйінде «Аналар аманаты» көрмесінің салтанатты ашылуы өтеді, деп хабарлайды қалалық ішкі саясат басқармасы.

Елордада «Аналар аманаты» көрмесі ашылады

Көрменің ашылуына Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттары, Қазақстан халқы ассамблеясының мүшелері, қоғам қайраткерлері, шығармашылық және ғылым интеллигенциясының өкілдері, «Жаңғыру жолы» республикалық жастар қозғалысының белсенділері, астаналық тұрғындар мен қонақтар қатысады.

Наурыздың 28-30 аралығында «Аналар аманаты» көрмесінің ашылуына орай дәстүрлі қолөнер шығармашылығы бойынша тегін мастер-кластар жүргізіледі.

Аталған іс-шараның мақсаты Қазақстан халқының мәдениеті мен дәстүрінің құндылықтарын, патриоттық тәрбие және әлеуметтік жауапкершілігін жаңғырту мен насихаттау. Достық үйінің көрмесі аймағында тақырыптық көрмелер - "Кілем - әлем жолы", " Қазақстан халқының ежелгі қолөнері", "Тұрғын үй жабдығы", "Этностардың ұлттық киімі", сондай-ақ қазақ халқы қолөнерінің басқа да экспозицияларын құру жоспарланған.

Қазақстан халқының мәдени дәстүрі мен қолөнерін жаңғырту Қазақстан этностарының ежелгі, жойылып бара жатқан қолөнерінің - өндіріс аспаптары мен көркемөнер бұйымдарын жинақтау бойынша мұражай қорын құру, сондай-ақ оқыту шеберханалары негізінде әлеуметтік кәсіпкерліктің дамуына және жұмыссыз әрі көпбалалы әйелдерді қосымша жұмыс орындарымен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.