Елордада апта басында ауа райы жауын-шашынсыз болады
АСТАНА. 28 қазан. ҚазАқпарат - Синоптиктердің болжамынша, Астанада жаңа жұмыс аптасының басында ауа райы жауын-шашынсыз болады. Бұл туралы «Қазгидромет» РМК сілтеме жасап astana.kz хабарлады.
Дүйсенбі күні Астанада аздап жауын-шашын жауады, көшпелі бұлт шығады. Оңтүстік-батыстан 9-14 м/с жылдамдықпен жел соғады. Түнде ауа температурасы 0+2°C, күндіз +6-+8°C болады.
Сейсенбі күні ауа райы жауын-шашынсыз, күн ала бұлтты болады. Оңтүстік-батыстан 9-14 м/с жылдамдықпен жел соғады. Түнде ауа температурасы 0-2°C, күндіз +8+10°C болады.
Сәрсенбі күні көшпелі бұлт шығады, жауын-шашын болмайды. Оңтүстік-батыстан 9-14 м/с жылдамдықпен жел соғады. Түнде ауа температурасы 0-2°C, күндіз +8+10°C болады.