Елордада апта басында күн ыстық болады, өткінші жаңбыр жауады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада жаңа жұмыс аптасының басында күн жауын-шашынсыз, жылы болды. Синоптиктердің болжамынша алдағы күндері өткінші жаңбыр жауады. Бұл туралы аstana.kz сайтына Ауа райын қысқа мерзімге болжау басқармасынан хабарлады.

Елордада апта басында күн ыстық болады, өткінші жаңбыр жауады

Бүгін көшпелі бұлт шығады, күн күркірейді, жаңбыр жаууы ықтимал. Оңтүстік-батыстан 9-14 м/с жылдамдықпен жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с жетеді. Түнде ауа температурасы +12+14°С, күндіз +26+28°С. Қазгидромет орталығының хабарлауынша, ертең, сейсенбі күні көшпелі бұлт шығады, жаңбыр жауады, күн күркірейді. Солтүстік-шығыстан 9-14 м/с жылдамдықпен жел соғады. Түнде ауа температурасы +10+12°С, күндіз +21+23°С болады. Сәрсенбі күні, 28 мамырда көшпелі бұлт шығады, күндіз аздап жаңбыр жауады, күн күркірейді. Солтүстік-шығыстан оңтүстік-шығысқа ауысқан 9-14 м/с жылдамдықпен жел соғады, күндіз екпіні 18 м/с жетеді. Түнде ауа температурасы +8+10°С, күндіз +21+23°С болады.