Елордада апта соңы жауын-шашынды болады
АСТАНА. 8 тамыз. ҚазАқпарат - Астанада аптаның бірінші жартысында өткінші жаңбыр жауып, күн жылы болды.
Ал алдағы күндері ауа-райы жауын-шашынды болады, деп хабарлайды astana.kz сайты «Қазгидромет» МККға сілтеме жасап.
Синоптиктердің болжамынша, соңғы жұмыс күндері жаңбыр жауады.
«Бейсенбі күні Астанада көшпелі бұлт шығып, өткінші жаңбыр жауады, күн күркірейді. Оңтүстік-батыстан жел соғады. Түнде ауа температурасы +14+16°C, күндіз +22+24°C жылы болады», - делінген ақпаратта.
Жұма күні елордада күн ала бұлтты болады, аздап жаңбыр жауады, күн күркірейді. Батыстан 9-14 м/с жылдамдықпен жел соғады. Түнде ауа температурасы +13+15°C, күндіз +23+25°C болады.
Демалыстың алғашқы күні көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынды болады, күн күркірейді. Батыстан шығысқа ауысқан 9-14 м/с жылдамдықпен жел соғады. Түнде ауа температурасы +14+16°C, күндіз +22+24°C болады.