Елордада аптаның басында жаңбыр жаумайды

АСТАНА. 2 қыркүйек. ҚазАқпарат - Астанада жұмыс аптасының басында күн жылы, жауын-шашынсыз болады. Алдағы күндері көшпелі бұлт шығады, жаңбыр жаумайды, ауа температурасы түнде +11+16°C, күндіз +25+29°C-ге жетеді. Бұл туралы astana.kz сайтына «Қазгидромет» РМК хабарлады.

Елордада аптаның басында жаңбыр жаумайды

Дүйсенбі күні Астанада күн ала бұлтты, жауын-шашынсыз болады. Оңтүстіктен 5-10 м/с жылдамдықпен жел соғады. Түнде ауа температурасы +11+13°C, күндіз +25+27°C деңгейінде қалыптасады.

Сейсенбі күні елордада көшпелі бұлт шығады, бірақ жаңбыр жаумайды. Оңтүстік-батыстан 7-12 м/с жылдамдықпен жел соғады. Түнде ауа температурасы +13+15°C, күндіз +27+29°C-ге жетеді.

Аптаның ортасында күн ала бұлтты, жауын-шашынсыз болады. Батыстан 9-14 м/с жылдамдықпен жел соғады. Түнде ауа температурасы +14+16°C, күндіз +26+28°C деңгейінде болмақ.