Елордада аптаның соңына дейін күн ыстық болады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада жұмыс аптасының басында күн ашық, жылы болды. Бүгіннен бастап аптап ыстық болады деп күтілуде. Бұл туралы «Қазгидромет» РМК хабарлады, деп жазады елорда әкімдігінің ресми сайтында.
Синоптиктердің болжамынша, алдағы күндері көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз болады. Демалыс күндері де жаңбыр жаумайды. Бүгін Астанада көшпелі бұлт шығады, жауын-шашын болмайды. Солтүстіктен, солтүстік-шығыстан 9-14 м/с жылдамдықпен жел соғады. Түнде ауа температурасы +12+14°С, күндіз +25+27°С ыстық. Ал ертең, бейсенбі күні елордада күн ала бұлтты, жауын-шашынсыз болады. Солтүстік-шығыстан батысқа ауысқан жел 9-14 м/с жылдамдықпен соғады. Түнде ауа температурасы +10+12°С, күндіз +25+27°С жетеді.
Жұма күні көшпелі бұлт шығады, жауын-шашын болмайды. Батыстан солтүстік-шығысқа ауысқан жел 9-14 м/с жылдамдықпен соғады. Түнде ауа температурасы +13+15°С, күндіз +27+29°С.