Елордада «Арайлы әсем - Астана» мерекелік концерті өтіп жатыр

  АСТАНА. Шілденің 6-сы. ҚазАқпарат /Гүлмира Әлиакпарова/ - Тап қазіргі уақытта ескі орталық алаңда Астана қаласының туған күніне арналған «Арайлы әсем - Астана» мерекелік концерті өтіп жатыр,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

 «Арайлы әсем - Астана» концерттік жобасының авторы,  ҚР Еңбек сіңірген әртісі, әнші Марат Омаровтың айтуынша, мерекелік іс-шараға ірі қалалардың жас таланттары ғана емес, сонымен қатар шалғайда жатқан аудандар мен ауылдардың дарынды балалары қатысуда. 30-ға жуық қазақстандық әншінің ішінде сондай-ақ Африка елінің тумасы 23 жасар Абдул Далли де бар. Ол қала күніне арнап өзінің музыкадағы және қазақ тілін меңгерудегі ұстазы М.Омаровтың «Асыл аға» әнін орындады.

 А.Даллидің айтуынша, бұл оның Астанаға алғаш сапары. «Бұған дейін Алматы және Өскеменде концерттік бағдарламалармен болдық. Астананың әсемдігі мен шырайлығы мені тәнті етті, ал оның халқы басқа елдермен салыстырғанда аса мейірімді», - деді ол.

 Концертті балдырған қыздардан құралған «Ерке наз» би ансамблі «Әшекей» биімен ашты. Өнерсүйер қауымның алдында «Испанияның алтын дауысы» атағына ие болған және көптеген халықаралық байқаулардың лауреаты Олжас Сабижан, түрлі халықаралық байқаулардың жеңімпазы, Қазақстан эстрадасының жас жұлдызы Рүстем Жүгінісов, «Ән-Орда» байқауының лауреаты, ең үздік авторлық ән аталымының жеңімпазы - Ақбикеш, «Дельфилік» ойындардың 1 орын иегері Ақерке және Жанерке Махановалар және басқа да жас әнші өнер көрсетуде.

 Балалармен бірге М.Омаров та Астана қаласына арнаған бірқатар әндерін шырқады.

Соңғы жаңалықтар