Елордада Армениядан әкелінген 953 көлік тіркелді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елордадағы мамандандырылған ХҚКО-да Армениядан әкелінген 953 көлік есепке қойылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат әкімдіктің сайтына сілтеме жасап.

Елордада Армениядан әкелінген 953 көлік тіркелді

Кеден органдарының мәліметтеріне сәйкес, елордада тұрғындарының атына Армения Республикасынан әкелінген 1 387 көлік тіркелген. Оның ішінде Нұр-Сұлтан қаласында 953 көлік уақытша есепке қойылды, 196 көлік Нұр-Сұлтан қаласында бірақ басқа өңірлерге рәсімделді.
630 көлік уақытша есепке қойылмай пайдаланылып жүр.

Сондай-ақ, тексеру барысында екі көлік Армения Республикасына қайта жөнелтіліп, екі көлік қосалқы бөлшекке сатылғаны анықталды.