Елордада арнайы әлеуметтік көмек 254 адамға көрсетілді

АСТАНА. 9 қаңтар. ҚазАқпарат - Астана қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы арнайы әлеуметтік көмек беру жөнінде елорданың үкіметтік емес ұйымдарымен жыл сайынғы келісім-шарттар жасау жұмыстарын жүргізуде, деп хабарлады astana.kz сайты.

Елордада арнайы әлеуметтік көмек 254 адамға көрсетілді

Өткен жылы мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты 4 үкіметтік емес ұйым орындап, мүгедек балалар мен жүйке ауруларына ұшыраған мүгедектерге қызметтер көрсетті.

«Үйде қызмет көрсету жағдайында әлеуметтік қызметкерлер мұқтаж адамдардың пәтерлеріне келіп, қол ұшын береді. Ал, жартылай стационар жағдайында - ата-аналары мүгедек балаларды жұмыс күні ішінде орталыққа алып келуіне болады», - делінген басқарма хабарламасында.

«Өткен жылы үйде қызмет көрсету жағдайында арнайы көмек 116 адамға, жартылай стационар жағдайындағы көмек - 138 адамға көрсетілді», - деп нақтылайды ведомстводан. Биылғы жылы аталған бағыттағы жұмыстар одан әрі жалғасады.