Елордада арнайы рұқсаты жоқ, өз ісін жауапсыз атқаратын құрылысшылар бар - Ә.Жақсыбеков

АСТАНА. ҚазАқпарат - Елордада құрылыс жүргізуге арнайы рұқсаты жоқ бірқатар компания жұмыс істеуде. Бұл туралы бүгін елордалық кәсіпкерлер конференциясында Астана әкімі Әділбек Жақсыбеков айтты.

Елордада арнайы рұқсаты жоқ, өз ісін жауапсыз атқаратын құрылысшылар бар - Ә.Жақсыбеков

«Қазіргі уақытта біз лицензиясыз жұмыс ісейтін, өз ісіне жауапсыз қарайтын бірқатар құрылыс компанияларын білеміз. Олар үлескерлік құрылыс туралы заңды қаперге алмастан баспаналарды саудалауда», - деді қала басшысы.

Осы ретте Ә.Жақсыбеков бұл мәселенің түйінін тарқатуға Ұлттық кәсіпкерлер палатасы да қатысуы тиістігін баса айтты.

«Мұндай өз ісіне жауапсыз қарайтын құрылысшылар бизнестің беделін түсіреді. Тіпті, белгілі бір деңгейде азаматтардың әлеуметтік наразылығын туындатады. Олар өз беттерімен құрылысты бастап, ақша жинап алады. Осыдан кейін олар өз міндеттерін орындамайды. Яғни, азаматтардың экономикалық мүддесіне нұқсан келтіреді», - деп атап өтті елорда әкімі.