Елордада ашылған бейінді сауықтыру орталығы 50 адамға дейін қабылдай алады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елордадағы балалар ауруханасының базасында ашылған психоневрологиялық бейінді сауықтыру орталығы 50 адамға дейін қабылдай алады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Елордада ашылған бейінді сауықтыру орталығы 50 адамға дейін қабылдай алады

«2020 жылдың 14 желтоқсанында қалалық №1 көпбейінді балалар ауруханасының базасында психоневрологиялық бейінді сауықтыру орталығының ашылуы өтті. Орталық бүгінде жұмысын бастап кетті және онда. Сонымен қатар, медициналық-санитарлық алғашқы көмек ұйымдарында күндізгі негізде ДЦП диагнозы бар балаларға арналған сауықтыру орталықтары жұмыс істейді. Одан бөлек, мамандандырылған балалар үйінде неврологиялық ауытқуы бар балаларға арналған сауықтыру бөлімі бар», - деді Нұр-Сұлтан қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тимур Мұратов қалалық мәслихаттың жалпы отырысында.

Оның айтуынша, биыл елордада балалардан бөлек 6049 ересек адамға сауықтыру қызметі көрсетілді.

«Биыл 1256 ересек мүгедек жан әлеуметтік қызметкер көмегімен қамтылса, 1280 мүгедек жанға психологиялық кеңес берілді. Сонымен қатар, 738 мүгедектігі бар елорда тұрғыны курорттық шипажайларда ем қабылдады. Атап айтқанда, Ақмола, Павлодар және Түркістан облысының курорттық-шипажайлары бар», - дейді ол.

Бұған дейін аталған басқарма басшысы елордада 28 мыңнан астам мүгедек жан барын айтқан еді.