Елордада әскер қатарына шақырылушыларға арналған консультациялық орталық ашылды

АСТАНА. 21 сәуір. ҚазАқпарат - Елордада әскер қатарына шақырылушыларға арналған консультациялық орталық ашылды,
None
None

деп хабарлады ҚР Бас әскери прокуратурасының баспасөз қызметінен.

Орталық жұмысына білікті заңгерлер мен басқа да мамандар тартылады. Оның тұсаукесері Ақмола гарнизонының әскери прокуратурасының және өкілетті мемлекеттік органдар өкілдерінің қатысуымен «Азаматтарды әскери қызметке шақыру барысында қабылданатын шешімдердің заңдылығы» тақырыбындағы семинар барысында өтті.

Сондай-ақ бұл басқосуда күн тәртібіндегі жекелеген мәселелер және оларды шешу жолдары қаралды.

Соңғы жаңалықтар