Елордада әскери шеру барысында «С-200» зымыран жүйесі көпшілік назарына ұсынылды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада әскери шеру барысында «С-200» ұзақ қашықтықты зымыран жүйесі көпшілік назарына ұсынылды.
Бұл кешен үлкен аумақта аса маңызды әскери және мемлекеттік нысандарды қорғауға қауқарлы. ҚР Қорғаныс министрлігінің мәліметтері бойынша, қазіргі уақытта әскери машиналар Алматы мен Ақтау қалаларының әуе қорғанысын жіті бақылауда ұстап тұруға қолданылуда.
«С-200» кешені 35 шақырым биіктікте және 250 шақырым аумақта көрінген жаудың әуе нысандарын анықтап, оны жойып жібере алады.