Елордада «Астана-2013» халықаралық авторлық әндер фестивалі өтеді
АСТАНА. 17 шілде. ҚазАқпарат - Қазақстан астанасы бірнеше күн бойы тағы да авторлық әндер орталығына айналмақ. Астанада 26-28 шілде аралығында жыл сайын ұйымдастырылып келе жатқан «Астана-2013» халықаралық авторлық әндер фестивалі өтеді. Бұл туралы елорданың ресми сайтынан хабарланды.
Ауқымы мен өткізілу деңгейі жағынан аталған фестиваль ТМД-дағы ең маңызды іс-шара болып табылады. 1999 жылы фестиваль халықаралық деген атауға ие болды.
Биыл байқауға қатысу үшін Астанаға еліміздің әр аймағынан, сондай-ақ Ресей қалаларының өкілдері келеді.
Фестивальдің ұйымдастырушысы - Астана қаласының әкімдігі.