Елордада Астана агломерациясын дамыту перспективалары талқыланды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін «Астана бас жоспары» ҒЗЖИ-де «Астана агломерациясын аумақтық дамытудың өңіраралық сызбасы» жобасы бойынша қоғамдық тыңдау өтті. Талқылауға Астана қалалық мәслихатының депутаттары, Астана мен Ақмола облысы мемлекеттік құрылымдырының басшылары қатысты, деп хабарлады astana.gov.kz.

Елордада Астана агломерациясын дамыту перспективалары талқыланды

Астана агломерациясының шекаралары Ақмола облысының үш ауданы (Аршалы, Целиноград және Шортанды) мен Ақкөл ауданының төрт округінің 127 елдімекенін қамтиды.

Астана агломерациясының жалпы алаңы 1 миллионнан артық адамы бар 2 175 мың гектар жерді құрайды. Олардың 814-і Астанада, 196-сы қала маңындағы мекендерде тұрады.

Қалаға жақын орналасқан елдімекендердің ірі жүйелерінің Астана агломерациясы екі өңір орталығымен Көкшетау (ауылшаруашылық және рекреациялық маманданумен) және Қарағанды (өнеркәсіптік маманданумен) барынша тығыз байланысты.

Астана агломерациясы бәсекеге қабілетті экономикасы, сапасы жоғары өмір сүру деңгейі мен қоршаған ортасы бар, еларалық және өңіраралық байланыстар жүйесіне интеграцияланған көп функциялы аумақ ретінде дамитын болады.

Бас жоспарларды әзірлеген кезде біз қаланың шекарасындағы барлық мәселелер оқшау, жеке-дара шешілмейтінін түсінеміз. Сондықтан біз өзара байланыста әрі біртұтас дамуы үшін қарқынды дамып келе жатқан Астана мен оған іргелес жатқан аумақтарды міндетті түрде қарастырамыз. Бізге қаланың барлық бағыттардағы қажеттіліктері белгілі. Олардың кейбіреулерін біз агломерация аумағындағы басым мәселелер ретінде белгіледік. Бұл азық-түлік белдеуі (ауыл шаруашылығы, ауылшаруашылық өнімдерін өңдеу, елорданы азық-түлік тағамдарымен қамтамасыз ету), құрылыс индустриясы (Астананы құрылыс материалдарымен қамтамасыз ету), рекреация және туризм (қала тұрғындарын қысқа мерзімді демалу мүмкіндіктерімен қамтамасыз ету), жасыл белдеу (агломерация орталығының орманды қорғау аумағын табиғи орман массивтерімен қосу және бірыңғай экожүйені қамтамасыз ету), деді «Астана бас жоспары» ҒЗЖИ директорының орынбасары Бақтыбай Тайталиев.

Агломерация жобасы 2030 жылға дейін әзірленген.

Жобалық ұсыныстарды іске асыру нәтижесінде тікелей инвестициялар тарту және индустриялық-инновациялық даму үшін жағдай жасалатын болады, көлік-коммуникациялық, сауда-логистикалық, инженерлік-коммуналдық және әлеуметтік инфрақұрылым, агломерацияның тірек қаңқасы (қала құрылысы, көлік және экологиялық-табиғи) құрылады, қауіпсіздікті қамтамасыз ету жүйесі және тұтастай алғанда, Астана агломерациясының дамуы басқарылатын болады.