Елордада «Астана - армандар орындалады» ретро фестивалі өтеді

АСТАНА. ҚазАқпарат - 6 шілде күні сағат 19:00-де «Қазақстан» орталық концерт залында Қала күніне арналған «Астана - армандар орындалады» ретро фестивалі өтеді.
None
None

Астана тұрғындары мен қонақтары мереке күндері 1967 жылдан бері өміршең әндерімен жасап келе жатқан «Дос Мұқасан» ансамблі, көне аспапты серік еткен «Жетіген» тобы тәрізді танымал өнерпаздардың орындауындағы әсем әндермен сусындайды. Сонымен қатар фестивальге қазақ елінің айтулы әншісі Роза Рымбаева, ресейлік қонақ, Кеңес эстрадасының майталманы Юрий Антонов қатысады. «Арман орындалады» («Мечта сбывается») атты танымал ән Қазақстан астанасының құрылу тарихын баяндайды. Өйткені қазақ даласында жас мемлекеттің астанасы осыдан 16 жыл бұрын бой көтеріп, ел арманы орындалған. Осы уақыт аралығында Астана әлемдік деңгейдегі саяси, экономикалық, мәдени шаралардың бірегей алаңына айналып үлгерді. Ретрофестиваль көрермендер көңіліне тамаша әсер қалдырады деп күтілуде, деп хабарлайды Астана қаласының 16 жылдығына арналған мерекелік шараларды дайындау және өткізу жөніндегі ұйымдастыру комитетінің медиа-штабынан.

Соңғы жаңалықтар