Елордада «Астана балалары» фотобайқау-көрмесі ашылды
АСТАНА. 28 маусым. ҚазАқпарат - Елордада Жаңа Оқушылар сарайында «Астана балалары» фотобайқау-көрмесі ашылды.
«Аталмыш шара алғаш рет Астананың 15 жылдығын тойлау қарсаңында қала әкімдігінің, Түрік Республикасы Елшілігінің Юнус Эмре атындағы Түрік мәдениет орталығы, Франция Республикасы Елшілігі Астана қаласының Француз Альянсы, Корей Республикасы Елшілігінің мәдениет орталығымен ұйымдастырылып отыр.
Қалаға деген сүйіспеншілігімізді, елдер арасындағы мәдени алмасуды кеңейту, қарқынды дамып келе жатқан қаланың символы ретінде елорда балаларын таныту мақсатында фотобайқау мен көрме өткізетіндігімізді жариялаған болатынбыз. Қатысушылардың жалпы саны 120 адамды құрады және 300 ден астам суреттер қабылданды. Фотобайқаудың кәсіби сарапшы әділқазылары 300 суреттің ең жақсы деген 40 суретін таңдап алды. Бүгiн, фотокөрменің ашылу күні таңдамалы 40 суреттiң ішінен гран-при, бірінші орын, 2 екінші орын, 2 үшінші орын, сондай-ақ төрт ынталандыру сыйлықтары жарияланды», - деп атап өттi шараны қорытындылауға арналған салтанатты шарада Астана қаласы Бiлiм басқармасының бастығы Әсима Бимендина.
Iс-шара шеңберінде елшiлiктердiң мәдениет орталықтарымен концерттік бағдарлама ұйымдастырылды
Жаңа Оқушылар сарайында ашылған «Астана балалары» атты фотокөрме 28 маусым мен 14 шілде аралығында жалғасады.