Елордада «Astana Bike» велопрокат маусымы басталады

АСТАНА. KAZINFORM – 15 сәуірде елордада велопрокатының жаңа маусымы басталады. 

велосипед
Фото: Астана әкімдігі

Астана әкімдігі ресми сайтының мәліметінше, 15 сәуір күні таңғы сағат 09:00–де елордада «Astana Bike» велопрокат маусымы ашылады. 

Билет сатып алу және велосипедтерді жалға алу басталғаннан кейін бірден қолжетімді болады.

Абонементті тіркеуге және сатып алуға, сондай-ақ велопрокат бойынша барлық қажетті ақпаратты сайттан білуге болады www.velobike.kz. 

Францияның әскери полигонында өткен заңсыз кеште 30-дан астам адам зардап шекті
Ұқсас жаңалықтар

Францияның әскери полигонында өткен заңсыз кеште 30-дан астам адам зардап шекті