17:58, 27 Қыркүйек 2010 | GMT +5
Елордада «Astana Futures» халықаралық турнирі басталды
АСТАНА. Қыркүйектің 27-сі. ҚазАқпарат - Бүгін елордада «Astana Futures» халықаралық турнирі басталды.
Бұл ақпаратты ҚР Теннис Федерациясының баспасөз қызметінен хабарлады.
Федерациясының ақпаратына сәйкес, жастары 14-тен жоғары ерлер арасында өтетін турнир қазанның 2-іне дейін жалғаспақ. Жарыс барысында Қазақстан, Үндістан, Ресей, Израиль, Корея, Бельгия, Франция, Швейцария, Беларус, Өзбекстан, Қырғызстан және Нидерланды елінің теннисшілері 10 мың АҚШ долларын құрайтын жүлде қоры үшін бақ сынасады.
Турнирді Қазақстан теннис федерациясы мен Қазақстан теннис туры ұйымдастырып отыр.