Елордада Astana Hub технопаркінің мүмкіндіктері таныстырылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - ІТ саласындағы қазақстандық және шетелдік мамандар үшін ІТ-стартаптардың халықаралық технопаркі - Astana Hub жобаларын дамту мүмкіндіктері мен жұмыс шарттары таныстырылды. Айтулы шара жуық арада технопарктің инфрақұрылымдары орналастырылатын ЭКСПО қалашықтың павильондарының бірінде өтті. Бұл туралы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінен хабарлайды.

Елордада Astana Hub технопаркінің мүмкіндіктері таныстырылды

Шараға Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Асқар Жұмағалиев, Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев, бизнес-бірлестіктердің өкілдері мен стартаперлер, ІТ-мамандар қатысты. Жиында сөз сөйлеген Ақпарат және коммуникация министрі Хаб идеясына және стартаперлердің жобаларының инвестициясына сенім білдірген инвесторларға алғысын білдірді.

«Жобаның басталуымен біз Мемлекет басшысының басты тапсырмаларының бірі - Қазақстанды цифрлық шешімдердің орталығына айналдыра аламыз», - деді Дәурен Абаев.

null

Astana Hub-тың әлеуетін таныстыру технопарктің негізгі бағыттарын таныстыру және ІТ-бірлестіктердің өкілдерімен ынтымақтастық үшін мүмкіндіктерді айқындау мақсатында жүргізілді.

Шара аясында панельдік отырыс ұйымдастырылып, онда табысты стартаптардың негізін қалаушылар мен жетекші халықаралық сарапшылар стартаптарды құрудағы және инновациялық экожүйені дамытудағы жеке тәжірибелерімен бөлісті. Панельдік талқылауда спикер ретінде Кремний шатқалынан келген сериялық кәсіпкер әрі Startup Genome-нің негізін қалаушы Марк Пэнзель, ірі меймандарға арналған Couchsurfing International желісінің ІТ-директоры әрі тең құрылтайшысы Кейси Фентон, Tech City UK халықаралық консалтинг басшысы Стефан Кюстер қатысты.
null

Таныстырылым соңында жыл сайынғы «Еуразиялық цифрлық алаң» инновациялық жобалары халықаралық байқауының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі болып өтті. Сайыстың мақсаты - ЕАЭО интеграцияланған ақпараттық жүйелердің дамуына айтарлықтай үлес қосу болып табылады. Қазақстандық жартылай финалдың жеңімпаздары:

- Apilog.kz (ауыр жүк тасымалын, логистиканы, траншекаралық сауданы цифрландыру),

- «Мемлекеттік сатып алудағы тәуекелдерді анықтау» (мемлекеттік сатып алуларды ресімдеу, төлем жүргізу, жоспарлау кезіндегі экономикалық және парақорлық тәуекелдерін анықтау жүйесі),

- Smart Satu (дистрибьюторлар мен сауда нүктелері, өндірушілер үшін b2b-алаңы),

 - «Маша мен Аю»: Бірге ас әзірлейміз» (балаларды аспаздыққа үйрететін ойын).

Сондай-ақ, технопарктің сахнасында робототехника бойынша оқушылар арасындағы республикалық байқаудың финалистері марапатталды. Astana Hub технопаркінің мүмкіндіктерінің таныстырылымы аясында шаралардың соңын шеберлік сағаты, Кейси Фентонға қойылған сұрақтар мен берілген жауаптар түйіндеді.

null