Елордада «Астана қыраны» іріктеу сайысы өтеді

АСТАНА. ҚазАқпарат - 15-16 мамыр күндері Астанадағы «Қазақстан» спорт кешенінде Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың жүлдесі үшін қазақ күресінен «Қазақстан барысы» республикалық турниріне «Астана қыраны» іріктеу сайысы өткізіледі. Бұл турнирге тек қана Астана қаласы аймағынан спортшылар қатысатын болады.

Елордада «Астана қыраны» іріктеу сайысы өтеді

15 мамыр күні сағат 15-00-ден 19-00-ге дейін қазақ күресінің палуандары салмақ өлшеуден өтеді. Жарысқа дайындалады.

16 мамыр күні сағат 10:00-да жарыс басталады. 15:00-де жарыс салтанатты түрде ашылады. Бұл турнирге тек қана Астана қаласының спортшылары қатысады. Осы жарыста топ жарып, жеңіс тұғырынан көрінген спортшылар «Қазақстан барысы» турнирінде бақ сынайды. Бұл туралы ҚР Қазақ күресі федерациясынан хабарлады.