Елордада Астана Суретшілері одағы ұйымдастырған «Жібек жолы» көрмесі ашылды

СТАНА. Тамыздың 6-сы. ҚазАқпарат /Гүлмира Әлиакпарова/ - Бүгін елордадағы «Сарыарқа» сауда орталығында Астана Суретшілері одағымен ұйымдастырылған «Жібек жолы» атты көрме ашылды.

Елордада Астана Суретшілері одағы ұйымдастырған «Жібек жолы» көрмесі ашылды

«Өткен шілде айының 4-і күні Астана қаласының Суретшілер одағы жанынан "Жас суретшілер одағы" құрылды. Онда жас суретшілер белгілі суретші Камиль Муллашевтың төрағалық етуіндегі қазылар алқасының алдында емтихан тапсырды. Қазылар алқасы әрбір қатысушының туындысына жеке-жеке баға беріп, нәтижесінде 17 жасқа «Жас суретшілер одағына» мүшелікке жолдама берді. Бүгінгі көрмеге сол жас суретшілер мен кәсіби шеберлердің қолынан шыққан барлығы 200 туынды мен 20-ға жуық мүсін қойылды», - деп атап өтті көрмені ұйымдастырушы, суретші Гүлмира Телғозиева.

Көрмеден, Д.Молдахметованың, Б.Әсемқұлдың, Б.Әріповтың, Л.Натальяның, А.Айтқожинаның, Г.Телғозиеваның, С.Мұхамедиеваның, Ә.Сәпиевтың, М.Тоқсаитовтың және тағы басқалардың шығармаларын көруге болады.

Көрме қыркүйек айының соңына дейін жалғасады.