13:55, 03 Маусым 2017 | GMT +5
Елордада «Астана туралы монологтар» жобасы бастау алды
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Астана туралы монологтар» жобасы басталды, оған Қазақстанның бас қаласына арналған видео сюжеттер циклі енгізілген, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің сайты.

Қазақстандық танымал мәдениет және спорт қайраткерлері «монологтар» арқылы Астана жайлы баяндайды. Олардың өмірінде Елорданың орны қандай, бұл қаламен байланыстыратын қандай жарқын естеліктер бар, осы жылдар ішінде Астана қалай көркейіп жатқаны туралы кеңінен әңгімелейді.
Түсірілім жұмыстары Астананың символына айналған нысандарда жасалынды. Әр видео сюжетте кейіпкердің көрермен біле бермейтін қырлары ашылып, Елорданың ең көрікті жерлері таныстырылады.
«Астана туралы монологтар» циклін қалалық әкімдіктің шығармашылық тобы дайындады.