Елордада Astana Womens теннис турнирі өтеді
АСТАНА. 26 наурыз. ҚазАқпарат - Елордада 28 наурыз бен 3 сәуір аралығында Ұлттық теннис орталығында Халықаралық теннис федерациясының (ITF) әйелдер арасында Astana Womens теннис жарысы өтеді.
Додаға Өзбекстан, Ресей, Қырғызстан, Беларус, Украина, Түрікменстан және Словакия елдерінің кәсіби теннисшілері қатысады. Сыйлық көлемі 10 мың АҚШ долларына пара-пар жарыста Қазақстанның жас жұлдыздары Залина Хайрутдинова мен Кәмила Керімбаева өнер көрсетеді.
Аталмыш турнир жас теннисшілерге әлемдік кәсіби турларда рейтінгтік ұпайлар алуға мүмкіндік береді. Сондай-ақ спортшы қыздардың шеберліктерін шыңдауда өте маңызды рөл атқарады. Жарыс жабық корттарда, жекелей және жұптық кездесулер бойынша өтеді.