Елордада «Аstanabike» жалдамалы велосипедтерінің саны 5 есеге арттырылады

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры биыл елордада «Аstanabike» велопрокат жобасын кеңейтуді жоспарлауда. Бұл туралы аталған қордың баспасөз қызметі хабарлады.

Елордада «Аstanabike» жалдамалы велосипедтерінің саны 5 есеге арттырылады

«Аstanabike» әлеуметтік жобасы биыл да өзінің жалғасын табады. «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры жобаны дамыту жөнінде шешім қабылдады және биыл велосипедтердің санын 1000-ға, стансалардың санын 150-ге арттыруды көздеуде. 2014 жылы стансалардың саны - 40, велосипедтердің саны - 200 дана ғана болатын. Орнатылған жаңа стансаларды velobike.kz сайты арқылы немесе Facebook, Instagram, Vkontakte әлеуметтік желілеріндегі ресми парақшалардан көруге болады.

Жүйені пайдаланғанға жеңіл ету үшін төлемді интернет арқылы онлайн режимде және Halyk Bank-тің мобильді банкингі арқылы жүргізуге болады. Сондай-ақ тұтынушылар Android пен IOS базасында жасалған арнайы қосымшалар негізінде стансаларда велосипедтердің санын көре алады.