Елордада «Астаналық Хакатон» Хакерлік марафоны өтеді

АСТАНА. 8 мамыр. ҚазАқпарат - 11 мамырда BNews.kz порталының студиясында Астанада Хакерлік марафонның басталуына орай баспасөз мәслихаты өтеді.
None
None

Еске сала кетейік, Қазақстанның индустриалық-инновациялық дамуы шеңберінде Астана қаласының әкімдігімен тұңғыш рет 19-20 мамыр аралығында «Астаналық Хакатон» Хакерлік марафоны өтпек. Оған IT-саласының түрлі деңгейдегі мамандары қатысатын болады. Астана хакатонының негізгі тақырыбы «SmartAstana» («Ақылды қала») жобасын дамыту болады.

Аталған шара Астана қаласының инновациялық белсенділігін арттыруға, бастауыш және тәжірибелі бағдарламашылардың, дизайнерлер мен жобалаушылардың, IT-маркетологтардың қауымдастығын құруға бағытталады. Сонымен қатар, шара шағын бизнесті дамытудың тиімді құралы ретінде бағаланып отыр. Байқау жеңімпаздары ақшалай сыйлық алады.

Тоқтала кететін жайт, іс-шараның операторы «Астана Innovations» АҚ болса, «The One capital» АҚ бірлесе ұйымдастырушы, «НИТ» АҚ, «ARTA» ЖШС серіктестер болып отыр.

Соңғы жаңалықтар