Елордада «Астаналық Құтқарушы» жаңа мамандандырылған басылым жарыққа шықты
АСТАНА. 28 тамыз. ҚазАқпарат - Қыркүйек айында елордалық Төтенше жағдайлар жөніндегі департаменті «Астаналық Құтқарушы» мамандандырылған ақпараттық басылымын жарыққа шығарады. Бұл туралы astana.kz сайтына ведомствоның баспасөз қызметінен хабарлады.
Газетте ай сайын қалалық құтқарушылардың өмірі мен қызметі жайлы жазылады.
«Тиражы 1000 дана. Басылым беттерінде елордалық департаменттің ең қызықты жаңалықтары, батырлармен және құтқарушылармен сұхбаттар, спорттық жарыстар, мерекелік іс-шаралар,байқаулар туралы мәліметтер жарияланады. Орналастырылған материалдар 2 тілде әзірленеді. Бұл оқырмандар аудиториясын айтарлықтай ұлғайтпақ» - делінген ақпаратта.
Айта кетейік, Конституция күніне орай газеттің қанатқақты саны шығарылды. Онда «Президенттің міндеттерін жүзеге асыру», «Жемқорлыққа жол жоқ», «Үш тұғырлы тіл», «Біздің заманымыздың батыры» және басқа да айдарлары бар.