Елордада «AstanaPolytechni» жоғары техникалық мектебі ашылады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада «AstanaPolytechnic» жоғары техникалық мектебі ашылады. Бұл туралы бүгін ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Бердібек Сапарбаевтың қатысуымен өткен «Әлеуметтік әлеует-Астана айбары» атты кеңес барысында мәлім болды.
None
None

Айта кетерлігі, кеңес қорытындысына орай Астана қаласының әкімдігі мен бірқатар мемлекеттік органдар арасында меморандумдар жасалған болатын. Солардың бірі - білім жүйесін дамыту бағытында Астана қаласы әкімдігі мен Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі арасындағы меморандум. Құжат барлық деңгейдегі білім сапасын және оның елорда тұрғындары үшін қолжетімділігін арттыруға негізделген. Осының негізінде, Астанада «Биотехнология ұлттық орталығы» ғылыми-инновациялық кешені, құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, «AstanaBuisnessCampus» ғылыми саябағы, энергетика, туризм, қонақ үй бизнесі, ақпараттық-коммуникациялық технология салалары бойынша мамандар даярлайтын «AstanaPolytechnic» жоғары техникалық мектебі ашылатын болады.

Бұдан бөлек, Мәдениет және спорт министрлігі мен Астана қаласының әкімдігі арасында 2015-2017 жылдарға арналған әріптестік меморандумы қабылданды.

Аталмыш меморандумның басты мақсаты - тарихи-мәдени мұраны, ұлтаралық ынтымақтастықты сақтау және дамыту, мәдениет пен мемлекеттік тілді дамыту, ұлыстардың теңдігін қамтамасыз ету. Осыған орай, алдағы уақытта меморандум аясында өткізілетін шаралар мәдениет мекемелеріне халықтың жиі баруын қамтып, спортпен шұғылданатын тұрғындар санын арттыруға сеп болмақ.

Соңғы жаңалықтар