Елордада ауа райының қолайсыздығынан жол апаты жиіледі

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Нұр-Сұлтан қаласындағы ауа райы қолайсыздығы салдарынан жол апаттарының саны артқан, деп хабарлайды ҚазАқпарат қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Елордада ауа райының қолайсыздығынан жол апаты жиіледі

«Ауа райының қолайсыздығынан елордада жол-көлік оқиғаларының саны артты. Өткен тәулікте 91 жол-көлік оқиғасы тіркелді. Осы орайда Полиция департаменті жолаушыларды барынша мұқият және сақ болуға шақырады. Сондай-ақ, жылдамдық пен қашықшық режімін сақтап, маневр жасау ережелерін бұзбауды ескертеді. Жүргізушілер үшін ең қауіптісә - дымқыл асфальт. Жол тайғақ, оның үстіне түнгі аяз басталды. Сондықтан кенеттен маневр жасап, кілт тоқтаудан аулақ болу керек», - делінген хабарламада.

Сонымен қатар, аталған ведомство жауын-шашынның да жол қозғалысы барысына тигізетін салдарын еске салды.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, кеше түнде елордада көпір үстінде екі көлік соқтығысып, салдарынан 5 адам мерт болды.